
Сәкен Майғазиев Созаққа барып, кірпіш құйып жатыр. Айтуынша, танымал әнші осы уақытқа дейін өз қолымен кірпіш құйып, үш үй салған.
Эстрада жұлдызын құрылысшы бейнесінде – күннен қорғайтын бас киім, спорттық жейде, трико, резіңке тәпішкеде көру қызық екен. Қолында кетпен. Қимылы ширақ.
«Баяғыда қазіргідей шлагамен су келіп тұратын мотор жоқ. Суды шелекпен таситынбыз. Өз қолымызбен. Бала кезімізде мына жерде ескі үйіміз болған. Одан бөлек, ең үлкен ағамыз Сарман тағы да бір үй салды. Бұл – үшінші үйіміз. Үйді ойнап жүріп салатын едік», – дейді Сәкен Майғазиев.
Әрине, оның қимыл-қозғалысы нағыз құрылысшыларды еске түсіреді. Бұл сөзінің жалған емес екенін айқын көрсетіп отыр.
Өзі жариялаған бейнеде «Мұзарттың» әншісі Сәкен Майғазиев кетпенімен топырақты үйіп, су құйып жатыр. Ол қыш құйып қоймай, туыстарына кепкендерін қалай дұрыс жинау керек екенін көрсетіп жүр.
Айта кететін жайт, Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын 6000 адам тікелей эфирден көрген болатын.