Алматыда үлкен мейрамханалардың бірі өртенді
Жарияланды

31 шілдеге қараған түні Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан мейрамханалардың бірі өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Мейрамхана Қарағайлыдағы Бегайыл көшесінде орналасқан. Құтқарушылар өрт туралы мәліметті түнгі сағат 00.10-да хабарлады. Он бес минуттан соң өрт оқшауланғаны, ал сағат 00.35 минутта өрт сөндірілгені мәлім болды.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, мейрамханадағы өрт тез арада сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Министрліктің мәліметінше, тілсіз жау 625 шаршы метрге жайылып үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың Ащыбұлақтағы құс фабрикасы өртенген.
Оның алдында Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққан.