ҚазҰУ студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан құлады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Университеттегі жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды / Асқар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай
Университеттегі жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды / Асқар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай

30 шілдеде әлеуметтік желілерде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) ректораты ғимаратында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат тарады. Студент қыз 14-қабаттан құлап кеткен. Қаралы хабарды қалалық полиция департаменті растады.

«Осы оқиға бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві, қалай болғаны анықталып жатыр», – деп хабарлады полициядағылар.

Құқық қорғау органдары университеттегі қайғылы оқиға себептерін тексеріп жатыр.

Алдын ала нұсқа бойынша, осы оқиғаға жас қыздың отбасындағы мәселелер себеп болуы мүмкін. Полиция департаментіндегілер де интернет қолданушыларға тексерілмеген ақпарат таратпауға, ресми мәліметке ғана жүгінуге кеңес берді.

Сондай-ақ оқыңыз