1 тамыздан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жаңа тарифтер бірқатар энергия өндіруші кәсіпорындарға қатысты болмақ / Фото: kursiv.media арихві

1 тамыздан бастап Қазақстанда электр энергиясының тарифтері тағы да қымбаттайды. Энергетика министрлігі тиісті бұйрықты бекітті.

Жаңа тарифтер бірқатар энергия өндіруші кәсіпорындарға қатысты болмақ.

  • Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-те тариф 1 киловатт-сағатқа 23,25 теңгеге дейін өседі.
  • Ақтөбе ЖЭО-да электр энергиясы 18,19 теңгеге дейін көтеріледі
  • «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де баға 23,58 теңгеге дейін өседі,
  • «ӨзенМұнайПром» кәсіпорнында 1 кВт/сағ үшін 28,68 теңге болады.

Тариф өсімі МАЭК-Қазатомөнеркәсіп, Қызылордажылуэлектрорталығы, «Жайықжылуэнерго», «Кристалл Менеджмент» және басқа да ірі компанияларға да қатысты болмақ.

Сондай-ақ 63-ші топтағы энергия өндіруші ұйымдар үшін тариф бір кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.

Бұйрық 2025 жылдың 1 тамызынан бастап  күшіне енеді.

Айта кетейік кәсіпкер Айдын Рахымбавпен байланысы бар Alhena компаниясы Арал қаласында күн электр станциясын салып жатыр.  Электр қуаты 17,38 теңге/кВт⋅сағ бағасымен жеткізіледі

Сондай-ақ оқыңыз