Бай-бағландардан тәркіленген 14 қолсағат өз бағасынан 14,7%-ға қымбатқа сатылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы олигархтардан тәркіленген 14 экслюзив қолсағатын аукционда бастапқы бағасынан шамамен 14,7%-ға қымбатқа сатылғанан мәлімдеді.
Аукцион E-Qazyna алаңында бағаны көтеру әдісімен өтті.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 30 және 31 шілде күндері E-Qazyna электрондық платформасында өткен аукциондық саудалардың сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық барысында 14 эксклюзив қолсағаты және «Бата», «Беташар», «Сүйіндір» коллекциялық монеталары сатылды»,– делінген хабарламада.
Аукцион қорытындысы бойынша 14 қолсағат жалпы 117,6 млн теңгеге сатылған. Ал бастапқы бағасы 102,5 млн теңгені құраған.
Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Бұл қордың қаражаты білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және әлеуметтік осал топтарды қолдау сияқты әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
Бұған дейін Kuva.kz әлемде небәрі 30 данасы бар Ulysse Nardin сағатын 150 млн 117 мың теңге бастапқы бағамен сатылымға шығарған болатын.
Еске салсақ, осыған дейін Kursiv.media тілшісі бай-бағландар қайтарған қымбат 5 сағатқа және аса бағалы әшекей бұйымдарға шолу жасаған болатын.