Жаңалықтар

Роман Скляр отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Роман Скляр журналистердің жақын арада отставкаға кету жоспары жайлы сұрағына жауап берді/ Фото: kursiv.media архиві

Премьер-Министр орынбасары Роман Скляр журналистердің жақын арада отставкаға кету жоспары жайлы сұрағына жауап берді.

БАҚ өкілі оның Үкіметте алты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқанын атап өтіп, жақын арада қызметінен кету ойы бар-жоғын сұрады.

Премьер-Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа ғана жауап қайтарды.

«Мен Үкіметте алты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Басшылық сенім артып отырған уақытта осы қызметімді жалғастыра беремін», – деді Роман Скляр.

Еске салсақ осыған дейін Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов және оның орынбасарлары қай өңірлерде демалатынын айтып, еліміздегі туризм саласының проблемаларын ашық мойындаған еді.