
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы күндері республика бойынша күн салқындайды.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел тұрады, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Тек батыс өңірде жауын-шашын жаумайды, күн ыстық болады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.
Ауа температурасы батыс өңірде күндіз +30…+37°С-тан +36…+41°С-қа дейін ыстық болады.
4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+13°С, күндіз +15…+20°С-қа дейін төмендейді.
2 тамызда ірі қалаларда күн қандай болады?
Ертең Астанада таңертең жаңбыр жауады. Ауа температурасы +20 градусты көрсетеді. Күндіз де жауын-шашын жауады, кешке күн бұлтты, ауа температурасы – 19 градус.
Ал Алматыда күн бұлтты, ауа температурасы 25-27 градусты көрсетеді. Түнде +23 градус болады.
Шымкентте күн ашық, ауа температурасы 28-31 градус ыстық. Түнде 23 градус жылы болады.