Тоқаевқа армияның жауынгерлік дайындығы жөнінде ақпарат берілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады/фото: Ақорда

Президент қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.

Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.

Ақорданың хабарлауынша, президент тапсырмаларының орындалуы туралы да айтқан.

Оның ішінде әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

«Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ оқыңыз