Алматыда көшпенділер стиліндегі қонақүй ашылады

Бүгін Алматыда Yurta Boutique Hotel & Restaurant атты жаңа бутик-қонақүй ашылады.
Қонақүй концепциясын жасаушылар түркі әлемінің мәдениетінен шабыт алған. Интерьерінде табиғи материалдар мен отандық суретшілердің жұмыстары қолданылған, ал мәзірде шеф-аспаз Александр Телештің жетекшілігімен дайындалған көшпенді халықтардың тағамдары бар. Оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Монғолия рецептері ұсынылады.
Үш еттен жасалған бешбармақ , қыш құмырадағы түйе еті сияқты ерекше тағамдар тартылады.
Қонақүй 20 бөлмеден тұрады, сондай-ақ ішінде 20 түрлі қымыз ұсынатын Qymyz Bar істейді, ал аулада нағыз киіз үй орналасқан.
Қызметкерлердің формасы арнайы дизайнерлік талғам бойынша, отандық шебер Алмас Керімбектің қолынан шыққан.
Жоба Sun Group мейрамханалық холдингі мен Александр Орловтың басшылығымен жүзеге асқан.
Қонақүй Достық даңғылы 106 г мекенжайы бойынша орналасқан.
Бұған дейін, елде бренд киімдер сататын халықаралық аутлет орталығы ашылатынын жазғанбыз.