Artsport бойынша ваучер алу үшін 31 тамызға дейін кезекті растау керек
Жарияланды

Artsport платформасы ата-аналарға, балаларға арналған тегін үйірмелерге ваучер алу үшін бүгіннен бастап кезекте тұрғанын растау керектігін хабарлады.
Кезекте тұрғанын растау науқаны 31 тамызға дейін жалғасады. Растауды тек тексерілген пайдаланушылар жасай алады.
Ол үшін төмендегідей пәрмендерді орындау керек:
- «Менің балаларым» бөліміне өту;
- «Кезекпен деректер» түймесін басу;
- «Кезекті растау» түймесін басу.
Платформа 2025 жылдың 1 қыркүйегінде барлық расталмаған кезек автоматты түрде жойылатынын әрі оны қалпына келтіру мүмкін еместігін ескертеді.
Бұған дейін, баланы тегін үйірмеге қалай тіркеуге болатыны туралы жазғанбыз.