Жоғары білім сапасын анықтауға арналған сауалнама іске қосылды

Жоғары аудиторлық палата жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін бағалау және проблемаларды анықтау мақсатында кешенді сауалнама басталғанын хабарлады.
Палата мұндай сауалнаманы жоғары білім сапасын арттыру мен дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілетін аудит аясында іске асырмақ.
Сауалнама үш топқа арналған:
Студенттер үшін 13, оқытушыларға 9, түлектерге 6 сұрақ қойылған.
Студенттерге «алып жатқан жоғары білімнің сапасына қаншалықты көңіліңіз толады, университет оқытушыларының біліктілік деңгейі жоғары ма, оқытушылар заманауи оқыту әдістері мен технологияларын қолдана ма» деген сияқты сұрақтар қойылса, оқытушыларға «жұмыс істейтін жоғары оқу орныңыздағы жағдайға қаншалықты көңіліңіз толады, оқу жүктемесін бөлу жүйесі қаншалықты ашық және әділ» деген сыңайдағы, түлектерге «университеттен алған біліміңіздің сапасын қалай бағалайсыз, оқу бағдарламасы қазіргі кәсіби қызметіңіздің талаптарына қаншалықты сәйкес болды» деген бірнеше сауал қойылған.
Бұған дейін, биылғы түлектер арасында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екені, грант иегерлерінің тізімін қайдан көруге болатыны туралы жазғанбыз.