Жылдық инфляция екінші ай қатарынан 11,8 пайызды құрады

Шілдеде жылдық инфляция екінші ай қатарынан 11,8 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Ресми дерек бойынша шілдеді айлық айлық инфляция бәсеңдеп, бір баға 0,7%-ға өсті. Маусымда бұл көрсеткіш 0,8%-ды құраған еді.
Жылдық инфляция құрылымына көз жүгіртсек, ең алдымен азық-түлік өнімдерінің бағасы 11,2%-ға көтерілген. Маусымда бұл көрсеткіш 10,6% болған. Бұл ретте әсіресе май мен тоң майдың (20,3%), жеміс-жидек пен көкөністің (19,4%), сондай-ақ ет және ет өнімдерінің (13,2%) бағасы қатты қымбаттаған.
Қызмет түрлерінің бағасы да жалпы инфляцияға едәуір үлес қосып отыр. Бір жылда бұл саладағы баға өсімі 14,9%-ды құрады. Алайда, маусыммен салыстырғанда бұл көрсеткіш біршама төмендеген: бір ай бұрын қызметтер 16,1%-ға қымбаттаған еді. Ең айтарлықтай өсім салқын су тарифінде байқалды — бір жылда 96,1%-ға, ал су бұру қызметі 34,6%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жыл ішінде 9,5%-ға артты. Негізгі өсім киім (9,8%) мен аяқ киім (11,6%) бағасында байқалды.
Өңірлер бойынша алғанда, ең жоғары жылдық инфляция Қарағанды облысында тіркелді: 13,8%. Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы (13,2%), Абай және Ақмола облыстары (әрқайсысы 12,4%) тұр. Астана қаласында бұл көрсеткіш 12,3%-ды құрады.
2025 жылдың маусым айында да жылдық инфляция 11,8 пайызды құраған. Осы көрсеткішпен Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша көш бастап тұр.