
Қазақстандықтардың депозитінде 44 трлн теңге жатыр. 2025 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың банктердегі депозиті 3,8 пайызға өскен.
Соның ішінде мерзімде салымдардың үлесі басым. Жыл басында бұл көрсеткіш 28,7 трлн теңге болса, шілде айында 29,6 трлн теңгеге жетті. Яғни, жарты жылда 848 млрд теңгеге өсті.
Жинақ салымдары да айтарлықтай көбейді. Қаңтарда 3 трлн теңге болған жинақ салымдар шілде айында 3,77 трлн теңгеге жеткен. Бұл – 771 млрд теңге өсім. Пайыздық көрсеткішпен алғанда, ең көп өсім осы салым түрінде байқалады.
Ағымдағы шоттардағы қаражат керісінше, сәл азайды. Жыл басында 9,85 трлн теңге болса, шілдеде 9,75 трлн теңгеге түскен. Бұл күнделікті пайдалануға арналған қаражат болғандықтан, көлемі айтарлықтай өзгермеген.
Талап етуге дейінгі салымдар (яғни, кез келген уақытта шешіп алуға болатын қаражат) 522 млрд теңгеден 613 млрд теңгеге дейін артты.
Мерзімді салымдар бойынша негізінен заңды тұлғалардың қаражаты өскен. Олардың салымдары 10,5 трлн теңгеден 11,1 трлн теңгеге дейін жетті. Жеке тұлғаларда да өсім бар, бірақ анағұрлым аз: 18,2 трлн теңгеден 18,5 трлн теңгеге өсті.
Жинақ салымдарының басым бөлігі жеке адамдарға тиесілі. Шілде айында бұл көрсеткіш 3,4 трлн теңгеге жетіп, жалпы жинақ салымдарының 90%-дан астамын құрады
Жалпы салымдар ішінде шетел валютасындағы қаражат көлемі 11,4 трлн теңгеден 11,5 трлн теңгеге дейін сәл ғана өскен. Ал ұлттық валютадағы салымдар едәуір артқан.
Қазақстандықтардың мойнындағы кредиті 24 трлн теңгеден асты.