
Ресейде шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жасағандар азаматтықтан айырылмақ. Халықаралық ұйымдар мен елдер де осы қара тізімде.
Мәскеу ақпаратына қарағанда, Ресей президенті Владимир Путин РФ азаматтығынан айыруға негіз болатын кеңейтілген тізбе көрсетілген заңға қол қойды.
Жаңа заңда адам өлтіру, балаға зорлық көрсету қылмыстары да осы тізбеге кірген. Содан кейін терроризмді жария түрде насихаттау, ақтау және шақыру да азаматтықтан айыруға түрткі болмақ.
Осы қылмыстар кірген тізбеде «Ресейдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін және басқа да бірқатар негіздер бойынша басқа мемлекетпен, халықаралық немесе шетелдік ұйымдармен құпия ынтымақтастық» та көрсетіліпті.
Мұның алдында Ресей қауіпсіздік қызметі шетелдік танкерлерге Қара теңізге кіруге рұқсат берген еді.