Toyota сатылымы рекорд орнатты

Toyota сатылымы рекорд орнатты. Toyota Motor Corporation 2025 жылдың алғашқы жартысындағы сатылым, өндіріс нәтижелерін жария етті.
Сонымен бірге, Daihatsu Motor Co., Ltd. және Hino Motors, Ltd атты еншілес компанияларын қоса алғанда қаңтар айы мен маусым аралығындағы жиынтық қорытындысы туралы ақпарат берген.
Компания мәліметінше, алғашқы алты айда әлемде 5 440 880 көлік сатқан. Оның ішінде Toyota, Lexus, Daihatsu және Hino үлгілері де бар.
Жылдық нәтиже бойынша, Toyota сатылымы артқан. Нақты айтқанда, +7,4%-ға дейін сатылым өсім көрсетіп отыр. Соңғы алты ай концерн тарихында сатылым қарқыны бойынша рекордты деңгейге шыққан.
Осы уақыт ішінде Toyota зауыттарында 5 523 039 көлік жасалыпты. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш +8,8%-ға артқан.
Айта кететін жайт, 4 918 024 көлік Жапониядан тыс елдерде шығарылған.
Мұның алдында Toyota сутегімен жұмыс істейтін спорт көлігін таныстырды.