
Әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес 1 шілдеге қараған түні Астанаға ұшып келді. Жұма күні ол Astana Arena стадионында концерт береді. Шоу J.Lo On The Floor туры аясында ұйымдастырылады. Әншінің елордаға келгені туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.
Джей Ло әуежайдың бизнес-терминалынан шығып, командасымен бірге автокөлікпен қонақүйге жүріп кетті.
Дженнифер Лопес 1 тамызда Қазақстан астанасында жеке концертін өткізеді. Оның Астанаға келетіні 2025 жылғы мамырда мәлім болды. Әнші концертінің билеттерінің бәрі 3 сағат 51 минутта сатылып кетті.
Содан кейін Джей Ло Алматы қаласында да тағы бір концерт өткізетінін мәлімдеді. Ол 10 тамызда мегаполистік Орталық стадиоында өтеді.
Kursiv.Media Лопестің Қазақтстандағы концерттеріне 29 елден 18 мыңнан аса турист келетінін жазған.
Дженнифер Лопестің концертіне образ таңдағанда не нәрсеге мән беру керектігін білгіңіз келсе, Kursiv.Media материалына өтіңіз.