2025 жылы қазақстандықтар сатып алған ең қымбат әуе билеті 5,8 млн теңге тұрған

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстандықтар бизнес-класс билеттеріне қанша жұмсайды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылы қазақстандықтар сатып алған ең қымбат бизнес-класс әуе билеті Emirates компаниясының Астанадан Сиднейге (Аустралия) бағытындағы рейсі болды. Оның құны 5,8 млн теңгені құраған. Ал 2024 жылы ең қымбат билеттердің бірі Астана – Виндхук (Намибия) бағыты бойынша Lufthansa әуе компаниясынан 6,3 млн теңгеге сатып алынған. Бұл туралы Aviasales.kz сервисінің зерттеуінде айтылған.

Бағалар мен сұраныс қалай өзгерді 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бизнес-класс билеттерінің орташа бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 200 долларға төмендеді. Ең көп арзандаған бағыттар:

  • Анталья – 42,5%-ға, 1100-ден 635-ке;
  • Пхукет – 21,5%-ға, 1800-ден1400-ге;
  • Баку – 6%-ға, 594-тен 558-ге дейін .

Ал Дубайға бизнес-класс билеттері 5%-ға қымбаттап, 1400 долларға жетті.

Бизнес-класс билеттеріне деген сұраныс бір жылда 17%-ға төмендеді.

Қазақстандықтар көбіне бизнес-класпен қайда ұшады 

Қазақстандықтар бизнес-класпен ең жиі ұшатын бағыт – Мәскеу. Ресей астанасы 2024 жылдан бері көш бастап тұр. Екінші орында – Ташкент, үшінші орында – Дубай.

Бұл қалаларға, негізінен, іскерлік сапарлармен, демалыс мақсатында және жақын туыстарына бару үшін ұшады.

Айта кетейік қазақстандықтардың басым бөлігі ішкі әуе рейстерінің билеттеріне 15 мың теңге төлеуге дайын. Ал 15-20 мың теңгелік билеттерді қалтасы көтеретіндердің қатары 3,4%-ды құрайды. Тек 11,2%-ы билетке 30 мың теңгеден жоғары шығын шығаруға қарсы емес.

Сондай-ақ оқыңыз