3 тамыз күнгі ауа райы: дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланып отыр.
Синоптиктердің дерегінше, жексенбі күні елдің көптеген өңірінде найзағай, тұман, бұршақ, шаңды дауыл, аптап ыстық және қатты жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде.
Ақмола облысы мен Астанада найзағай, тұман болады. Екпіні 20 м/с дейін жел тұрады.
Алматы мен Қонаев қалаларында жылдамдығы 23 м/с дейін жел тұрып, таулы аймақтарда найзағай ойнауы ықтимал. Төтенше өрт қаупі.
Түркістан облысы мен Шымкентте де найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел – 20 м/с. Ыстықтан өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау мен Ақтауда шаңды дауыл тұрады. +38…+40°C аптап күтіліп отыр. Сондықтан өрттен абай болған жөн.
Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда – аптап ыстық, найзағай, бұршақ, 20 м/с жел.
ШҚО мен Абай облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, екпіні 28 м/с жел.
Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, СҚО, Жетісу, БҚО кейбір аймақтарында найзағай, тұман, жел, бұршақ күтіледі. Өрттен сақ болған ләзім.
Синоптиктер тұрғындарды абай болуға шақырып отыр. Ашық ауада ұзақ уақыт болудан, от жағудан және орманға шығудан тартынған жөн.
Кеше Қазақстанның біраз бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұратыны болжанған болатын.