Димаштың қарындасының ұзату тойына Тасмағамбетов, Крутой, Өнербаев келді (видео)

Жарияланды 2 Тамыз 2025 11:18

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Димаштың қарындасының тойына келген ресейлік қонақ / фото: instagram
Димаштың қарындасының тойына келген ресейлік қонақ / фото: instagram

Димаштың қарындасының ұзату тойына Қазақстан мен Ресейдің өнер жұлдыздары келген. Оның ішінде ресейлік сазгер Игорь Крутой бар.

Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Өнербаев та жастарға тілек білдірді. Тіпті, Айтбаевтар отбасының қуанышына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов арнайы келіп, ортақтасуды ұйғарыпты.

Тасмағамбетов тойда / фото: instagram
Тасмағамбетов тойда / фото: instagram

Қонақтардың бірі керемет той болғанын айтып жатыр.

«Қазақстандағы ең әдемі той болды деп есептеймін. Айтбаевтар отбасы түгелдей танымал адамдар. Әлемге өнер, сұлулық, қуаныш, мейірім мен сыйластық сыйлап жатыр», – деп пікір білдірген.

Айтуынша, Айтбаевтар отбасы осы той арқылы Қазақстанды әлемге танытқан. Өйткені ұзату тойында қазақ дәстүрі мен мәдениетін паш еткен.

Той асабасы Ардақ Қасымхан әлемдік жұлдыздың ең маңызды мерекені сеніп тапсырғанын мәртебе көретінін білдірді.

Мұның алдында Димаш Құдайбергеннің әні алғаш рет Radio Disney толқынында шырқалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз