
Вице-министр Сәтжан Аблалиев тұтқындалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Оған жемқорлық айыбы тағылған көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол 78 000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке іліккен. Бұл ақша Ұлыбританияда оқып жүрген баласының оқу ақысын төлеу үшін аударылған. Республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысын техникалық қадағалау қызметіне «қамқорлық» жасаған.
Сәтжан Аблалиев 2023 жылдан бері Көлік вице-министрі болып қызмет атқарып келеді. Ол ұзақ жылдар бойы Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болды.
2021 жылдан 2023 жылға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мұның алдында аталған министрлік бірнеше жолаушының багаж салмағын біріктіру мәселесін зерттеген еді.