«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев Нұрсұлтан ұстаз үшін дұға жасауды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Жігіттер» тобының әншісі оның жағдайы туралы да айта кетті / фото: Instagram
«Жігіттер» тобының әншісі оның жағдайы туралы да айта кетті / фото: Instagram

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев жол апатына ұшыраған Нұрсұлтан ұстаз үшін дұға жасауды сұрады. Өзі де амандығын құдайдан тілепті.

«Нұрсұлтан ұстазымыз жол апатына ұшырапты деген хабарды естігенде уайымдап қалдық. 10 дұғам болса бәрін сіздің жазылып кетуіңіз үшін Алладан сұрадым», – деп пост қалдырды әнші жеке парақшасында.

Сонымен қатар, Ердос Қанаев оқырмандарына Нұрсұлтан ұстаздың денсаулығы жақсы екенін айтып, үйіне сауығып қайтуға тілек білдірді.

«Бүгін істің жай-жапсарын біліп, көңіліміз орнына түсті. Нұрсұлтан ұстаз дін аман, бәрі жақсы екен. Алла отбасыңызға аман-есен қуанып оралуды нәсіп етсін. Дұға жасап қойыңыздар бауырлар!», – деді әнші.

Айта кететін жайт, мұның алдында халық арасында Нұрсұлтан ұстаз ретінде кең танылған дін қызметкері Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы жол апатына түскен еді.

Мұның алдында Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойына Тасмағамбетов, Крутой, Өнербаев келгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз