Алматыда жолақысын төлемеген жолаушы мен тексерушінің арасында дау туды (видео)
Жарияланды

Алматының 16-бағыттағы автобусында жолақысын төлемеген жолаушы мен тексерушінің арасында ерегес туды. Оқиға куәгерінің айтуынша, жолаушы қызулау, қасында әйелі мен баласы болған.
«Оңай» тексерушісі автобусқа кіріп тексерген кезінде, олардың тек бір адамға ақша төлегені анықталып, тексеруші жолақыны толық төлеуді талап еткен. Алайда жолаушы оған құлақ аспай, автобустан түсіп кетуге ұмтылған.
Оны контролер байқап, жолақысын төлемеген адамды ұстап қалып, соңы ерегеске ұласып кеткен.
Видео авторы – Шадияр Өстемір
Видеода жолақысын төлемеген адам тексерушіні боқтап, сес көрсетіп жатқаны байқалады. Масаң жолаушы жолақысын сол күйі төлемей автобустан түсіп кеткен.