Педофилдерге түрмеде химиялық кастрация жасалуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ДСМ химиялық кострация тәртібіне өзгеріс енгізбек / Фото kursiv.media

Педофилдердің бостандыққа шығуына алты ай қалғанда химиялық кастрация жасалуы мүмкін. ДСМ «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулыға өзгеріс енгізбек. . Құжат 18 тамызға дейін ашық талқыда болады.

Бұл қаулыға сәйкес, химиялық кастрация тәрбіміне өзгеріс енгізіледі. Осы тәсілді қолдану туралы шешім сотталушының бостандыққа шығуына алты ай қалғанда қабылданады.

Сонымен қатар, түрмеден босардан 1 жыл бұрын оған сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Сараптама педодилдің псизикалық ауытқуы мен зорлық-зомбылыққа бейімі бар-жоғын анықтайды.

«Мекеме әкімшілігі химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану және материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа жіберу туралы түзету енгізеді», – делінген қаулы жобасында.

Қазақстанда кәмәлетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 27 адам өмір бойына сотталған.

Сондай-ақ оқыңыз