Қарағанды жылу электр жүйесін жаңғыртуға 44 млрд теңге инвестиция салынды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қарағандының жылу орталығы жөнделіп жатыр / Фото: gov.kz

Қарағанды облысының жылу электр жүйесін жаңғыртуға 44 млрд теңгеден аса инвестиция салынған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соның ішінде Топар ГРЭС-ін жөндеу және инвестициялық бағдарламаға 34,6 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек өңірдің жылу жүйелерін жаңартуға биыл 10 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

«Негізгі инвестициялық жобалардың бірі — Жезқазған қаласында 75 МВт қуатты бу-газ қондырғының құрылысы, бұл өңірдегі электр қуаты тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, жылу маусымына дайындық енді есептер арқылы емес, тікелей нысандарға бару арқылы бақыланады.

«Жылдар бойы шешілмеген бірқатар мәселелер барын білеміз, бірақ бүгін нақты нәтижелерді көру маңызды. Топар ГРЭС-інде қуаты жоғары жаңа турбина іске қосылады. Қармет ЖЭО-2-де жетінші қазандықтың іске қосу жұмыстары аяқталуда, ал Шахтинск ЖЭО тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл нақты тапсырмалар орындалып жатыр деген сөз», — деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Павлодар мен Екібастұздың жылу желілерін жөндеуге Үкімет 3,8 млрд теңге бөлгені хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз