«Қазсушар» бөлімшелеріне 524 жаңа техника жеткізілді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Жаңа техника алынып жатыр / Фото: Су ресурстары министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» мекемесінің бөлімшелерін арнайы техникамен жабдықтау жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын 524 техника мен құрал-жабдық алынған.

Жаңа техника суару каналдарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланылады Жалпы алғанда, «Қазсушар» филиалдарына 757 бірлік техника мен құрал-жабдық жеткізу жоспарланған.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, жаңа техникалар вегетация кезеңінде каналдардың өткізу қабілетін арттыру үшін тазалау жұмыстарына тартылуда.

Қазіргі таңда «Қазсушар» филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның 780 шақырымында жұмыстар аяқталған.

Жыл басынан бері «Қазсушар» кәсіпорнының 279 маусымдық жұмыскері тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыз