Әлемдік шахмат жұлдыздары Шымбұлақ турнирінде бас қосты

2025 жылдың 3 тамызында әлемдік шахмат жұлдыздары Алматыдағы Іле Алатау тауларында бас қосты. Шымбұлақ тау-шаңғы курортында блиц-турнир басталды.
Қазақстан Шахмат федерациясы ұйымдастырған турнирге 8 спортшы қатысады. Үндістан, Иран мен Ресейден келген қонақтар қазақстандық шахмат шеберлерімен бақ сынасады.
Атап айтқанда, блицтен (2006, 2012, 2015) әлемнің үш дүркін чемпионы ресейлік Александр Грищук (рейтинг – 2 667), 20 жасқа дейінгі Әлем чемпионы (2018) ирандық Пархам Магсудлу (рейтинг – 2 695), рапидтен Әлем чемпионы (2024) ресейлік Володар Мурзин (рейтинг – 2 671), рапидтен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019) үндістандық Нараянан Сунилдут Лина (рейтинг – 2 597), блицтен 18 жасқа дейінгі Әлем чемпионатының қола жүлдегері Даниал Сапенов (рейтинг – 2 429), блицтен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2023) қазақстандық Денис Михнёв (рейтинг – 2 535), 18 жасқа дейінгі Әлем чемпионатының қола (2023), күміс (2024) жүлдегері қазақстандық Алдияр Аңсат (рейтинг – 2 493), Қазақстан қыздар құрамасымен бірге шахмат Олимпиадасы (2024) мен Әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері болған қазақстандық Меруерт Камалиденова (рейтинг – 2 323) бақ сынайды.

«Блиц-турнирді ұйымдастыруға Шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов пен Freedom Holding Corp. бастамашы болып, қолдау көрсетті. Бастысы бұл жарыста біздің жас спортшыларымыз тәжірибелі әлемдік шеберлермен бас сынасады. Біз бірінші кезекте спортпен емес, біз өз елімізде интеллектуалды ұрпақтың қалыптасуына үлес қосамыз. Жұмысымыздың басты қорытындысы деп біздің балалар мен жасөспірімдердің жетістіктерін көрсете аламыз. Біз бұл тарихи жетістіктердің жаңара беруіне әлі де жұмыс істей береміз», – дейді Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.
Турнирдің жүлде қоры 8 500 доллар: бірінші орын – 2 500 доллар, екінші орын – 2 000 доллар, үшінші орын – 1 500 доллар, төртінші орын – 1 200 доллар, бесінші орын – 800 доллар, алтыншы орын – 500 доллар.