Шымбұлақтағы суперблиц: жеңімпаздар анықталды

2025 жылдың 3 тамызында Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өткен «Shymbulak Summer Blitz» турнирі аяқталып, жеңімпаздар белгілі болды.
Қазақстан, Иран, Үндістан және Ресейден келген спортшылардың барлығы 14 партия өткізді. Турнир нәтижесінде ирандық Пархам Магсудлу бірінші, ресейлік Александр Грищук екінші, ресейлік Володар Мурзин үшінші, қазақстандық Алдияр Аңсат төртінші, қазақстандық Денис Махнёв бесінші және тағы бір қазақстандық Даниял Сапенов алтыншы орында иеленді.

Турнирдің регламенті бойынша қатысушылар блиц 3+2 форматында («әр ойыншыға 3 минут және әр жүріс үшін 2 секунд қосымша уақыт беріледі) айналмалы жүйе бойынша екі айналым өткізді.
Жүлде қорына сәйкес, бірінші орынға – 2 500 АҚШ доллары, екінші орынға – 2 000 доллар, үшінші орынға – 1 500 доллар, төртінші орынға – 1 200 доллар, бесінші орынға – 800 доллар, алтыншы орынша – 500 доллар берілді.

Айта кетейік турнир Қазақстан Кубогі аясында өтіп жатқан шахмат фестивалінің бастапқы жарысы. 4-12 тамыз аралығында Алматы қаласына жақын орналасқан Олимпиадалық даярлық орталығында халықаралық шахмат фестивалі – «Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» өтеді. Оның басты турнирі Қазақстан Кубогының үшінші, әрі шешуші кезеңі болмақ.