Көлік вице-министрі ұсталды – видео
Жарияланды

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.
Вице-министр сот санкциясымен қамауға алынған.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ комитет жариялаған видеода вазадан доллар түріндегі ақша табылғаны көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Сәтжан Аблалиев қамауға алынды деген ақпарат тарады. Аблалиев 2023 жылдан бері Көлік вице-министрі болып қызмет атқарып келеді. Ол ұзақ жыл Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болды.