Жаңалықтар

Көлік вице-министрі ұсталды – видео

Вице-министра транспорта Казахстана задержали за взятку
Көлік вице-министрі ұсталды/видеодан скриншот

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

Вице-министр сот санкциясымен қамауға алынған.

О противодействии коррупции

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ комитет жариялаған видеода вазадан доллар түріндегі ақша табылғаны көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Сәтжан Аблалиев қамауға алынды деген ақпарат тарады. Аблалиев 2023 жылдан бері Көлік вице-министрі болып қызмет атқарып келеді. Ол ұзақ жыл Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болды.