Жаңалықтар

Мешітте видео түсірген бойжеткен тағы бір ер адамға қатысты жайтты бөлісті

Казахстанку преследуют после поста о домогательствах в мечети
Мешіт ішінде видео жариялаған қыз жылап қалды/фото: shutterstock

Ақтөбе тұрғыны Эммануэлла Наурызбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты болған тағы бір жағдайды бөлісті. Бұған дейін ол мешітте өзіне «бір реттік неке» ұсынған ер адам туралы жазған.

Instagram желісіндегі видеоға сәйкес, көшеде бір ер адам оны ислам дінін қаралап жатыр деп айыптап, «шайтан» деп атаған.

«Саған тиіскені рас па? Сені танып тұрмын. Шу болып жатыр. Әлде сен әдейі исламды, мұсылмандарды қаралағың келе ме? Өзіңді шайтан сияқты ұстайсың», – дейді ер адам.

Эммануэлла оны видеоға түсірге бастағанда ер адам қашып кеткен. Содан кейін қыз тағы бір видео түсіріп, Қазақстанда әйелдерд құқығын қорғай алмайтынын айтқан.

«Мені зорлап кетсе де, мен өзімді қорғай алмаймын. Бір де бір қыз қорғай алмайды. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені біздің ер адамдар бізге осылай қарайды. Барлық жерде әйелдер кінәлі», – деп жазды ол.

Эммануэлла мешіттегі видеоны хайп үшін емес, дәлел ретінде түсіргенін атап өтті.

«Қорғаудың орнына маған тап берді. Алдымен – имам, содан кейін мешіттегі басқа ер адамдар. Сол уақыттан бері менің ізіме түсіп, қорқытып келеді. Менің үнсіз қалғанымды қалайды», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде қызға тиіскен ер адам бес тәулікке қамалды.