
Нұрқанат Ғайыпбаев ісі тоқтатылды. Бұл туралы Шерзат Полаттың ісінде жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», – деп жазды Шекеев.
Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Жергілікті полиция оның өзіне қол салған болуы мүмкін екенін айтқан.
«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның өзіне қол салу салдарынан қайтыс болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ», – деп хабарлады полиция департаменті.
Оған дейін 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар қаласында «Қамажай» дүкені алдында жанжал болып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат қайтыс болды. Қылмыстық іс бойынша 9 адам сотталды.
Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шыңғыс Белғожаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Думан Ысқақ (2007 жылы туған) 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Ол бостандыққа шықты.