
Шерзат Полаттың қазасынан кейін сотталған 8 адам үкімге апелляциялық шағым түсірді. Сотталғандардың шағымы 18 тамызда қаралады. Ақпаратты KursivMedia тілшісіне жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев растады.
«8 сотталушы апелляциялық шағым түсірді. 2025 жылдың 18 тамызы сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында қаралады», – деді Шекеев.
Айта кетейік, іс бойынша 9 адам сотталды.
Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шыңғыс Белғожаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
1,5 жылға сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты.