
Елордада 5-10 тамыз аралығында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында ЖОО-ларға құжат қабылдау өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер өтінішін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегі бағыттар бойынша тапсырады:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Психология.
А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
Astana халықаралық университеті:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
• Психология.
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика пәні мұғалімдерін даярлау.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Astana медициналық университеті:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Психология;
• Дефектолог;
• Логопед;
• Олигофренопедагог;
• Тифлопедагог;
• Сурдопедагог.
Ал мемлекеттік гранттың нәтижесі ертең жарияланады деп күтіліп отыр. Грант иегерлерінің тізімін бірнеше ресурстан көруге болады.