Жаңалықтар

«Бұршақ, шаңды дауыл»: алдағы үш күннің ауа райы

"Бұршақ, шаңды дауыл": алдағы үш күннің ауа райы
«Бұршақ, шаңды дауыл»: алдағы үш күннің ауа райы/Фото: shutterstock

«Қазгидромет» алдағы үш күнде ел аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны жылжып, соған байланысты найзағайлы жаңбыр, екпінді жел күтіліп отырғанын хабарлады.

6 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, 7 тамызда республиканың солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.

Елдің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі ауа температурасы +2…+13°С-тан +5…+18°С-қа дейін, күндізгі температура +15…+25°С-тан +18…+30°С-қа дейін жоғарылайды деп болжанып отыр.

Бұған дейін, синоптиктер 4 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталатынын хабарлаған.