Жаңалықтар

Ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталды

Ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталды
Ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталды/Фото: shutterstock

Маңғыстау облысының прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізіп, оқу орнының бас бухгалтері бюджет қаржысын жымқарғанын анықтаған.

Ол іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген 243 млн теңге көлеміндегі қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлкін иемденiп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеруді арнайы прокурорлар жүргізген.

Маңғыстау аудандық соты колледждің бас есепшісін ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сай кінәлі деп тауып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сондай-ақ есепші 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылған.

Бұған дейін, бас прокуратура алименттен қасақана жалтарған ер адам 1 жылға шартты түрде сотталғанын хабарлаған.