Жаңалықтар

Атырауда вагон бөлшектерін шығаратын зауыт құрылысы басталды

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Атырауда вагон бөлшектерін шығаратын зауыт құрылысы басталды. Texol Steel Technology құйма бөлшек өндіретін статегиялық нысан болмақ. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жоба Атырау қаласында ірі индустриялық кластер құру шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл кластердің орталығы — Атырау вагон құрастыру зауыты. Жаңа зауытта теміржол вагондарына арналған болат құйма бөлшектер шығарылмақ. Жоба бұған дейін шетелден жеткізіліп келген құрамдас бөлшектерді отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Металл сынықтары және ферроқорытпа сынды негізі шикізатты отандық өндірушілер жеткізеді. Кәсіпорын 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Зауыт құрылысы барысында 500 адам жұмыспен қамтылмақ.

Бұған дейін түрік кәсіпкерлері Астанада 160 млрд теңгеге бидайды терең өңдейтін зауыт салатыны хабарланған.