Жаңалықтар

Қашаған операторы 4,2 млрд доллар экологиялық айыппұл төлемейтін болды

Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қашаған операторы – NCOC компаниясы 4,2 млрд теңге айыппұл төлемейтін болды. Өйткені Астананың апелляциялық соты концорциум пайдасы шешім шығарды. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан билігі Қашаған мұнай кен орнын игеріп жатқан консорциум серіктестеріне шамамен 2,3 трлн теңге немесе сол кездегі бағаммен 5,1 млрд доллар, қазіргі бағаммен 4,2 млрд айыппұл салуды көздеген.

Басылымның жазуынша, Қазақстан билігі Қашаған жобасына қатысушы халықаралық серіктестерге қарсы 160 млрд доллар көлемінде халықаралық арбитражға шағым түсірген. . Бұл соманың негізгі бөлігі — мемлекеттің жоғалтқан кірісі. Сонымен қатар, оған экологиялық заңбұзушылықтар мен жемқорлық сипатындағы келісімдерден келген залалдар да кіреді.

2024 жылы жобадағы серіктестер — Eni, Shell, ExxonMobil және TotalEnergies дауды шешу үшін алдағы екі жылда 110 миллион долларды әлеуметтік жобаларға салуды ұсынған. . Бұл шығын өнімді бөлу туралы келісім аясында кейін Қашаған жобасының кірісінен өтелуі тиіс.

NCOC мәлімдемесінде:

«Біз апелляциялық соттың шешімін құптаймыз. Бұл шешім NCOC тарапынан күкіртті басқару жұмыстарының Қазақстан заңнамасына, қолданыстағы стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге сай жүргізіліп жатқанын растайды», — делінген.

Шілде айында Қашаған операторы NCOC-тің Атырау облысының экология департаментіне қарсы арызы бойынша Жоғарғы сот шешім шығарғаны белгілі болды. 5 млрд доллар көлеміндегі экологиялық айыппұлға қатысты іс апелляциялық сатыға қайта қарауға жолданған.

2016 жылдан бері мұнай өндіріліп жатқан Қашаған – әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Қашағандағы мұнай қоры 13 млрд баррельге жетеді деген болжам бар. Кен орнын бірнеше инвестордың басын қосқан корсорциум игеріп жатыр.