Шодиев-Ибрагимов текетіресі: дауға Шодиевтің қызы араласты

Еуразиялық банкке иелік ететін «Еуразиялық қаржы компаниясы» (ЕҚК) акционерлерінің арасындағы дау күрт шиеленісе түсті. «Ручная экономика» телеграм-арнасының жазуынша, дауға енді компанияның өзі мен Шодиевтің қызы араласқан.
Бұған дейін омпания директорлар кеңесінің 2 маусымда қабылдаған шешімін орындалуын талап еткен Шухрат Ибрагимов сотқа жүгінген болатын. Оған жауап ретінде 33% үлеске ие акционер Патох Шодиев те директорлар кеңесінің шешімдерін заңсыз деп тануды және акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға мәжбүрлеуді сұрап, қарсы арыз берген. Алайда Алматы соы Шодиевтың арызын қараудан бас тартқан.
Директорлар кеңесі нақты қандай шешімдер қабылдағаны құжаттарда айтылмаған. Бұл туралы ашық дереккөздерде де мәлімет жоқ.
Енді бұл дауға енді нді компанияның өзі мен Шодиевтің қызы араласқан.
Алдымен «Еуразиялық қаржы компаниясы» директорлар кеңесінің мүшелері Шухрат Ибрагимов пен 2023 жылдың тамызынан бастап тәуелсіз директор болып тағайындалған Андрей Коповқа қарсы талап арыз түсіріп, олардың әрекеті мен кеңестің шешімдерін заңсыз деп тануды сұраған.
Сонымен қатар, Ибрагимов пен Шодиевтің талабы бойынша қаралып жатқан екі азаматтық іс бойынша үшінші тұлға ретінде Патох Шодиевтің қызы Муниса Шодиева тартылды. Ол да ЕҚК директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сотқа жүгініп, Ибрагимов пен Коповтың әрекеттерін және қабылдаған шешімдерін заңсыз деп тануды талап еткен.
Судья барлық талаптарды бір өндірісте біріктіріп, істі бірлесіп қарауға шешім қабылдады.
eGov.kz мәліметінше, «Еуразиялық қаржы компаниясы» марқұм Әлижан Ибрагимовтың әйелі Мукадасхан, Патох Шодиев және 2025 жылдың 22 наурызында қайтыс болған Александр Машкевичке тиесілі.
Компания «Еуразиялық банк» пен «Еуразия» сақтандыру компаниясына иелік етеді.
Наурыз айында Kursiv.Media басылымы Шодиев пен Машкевичтің ЕФК-ны сатқысы келгенін, ал Ибрагимовтар отбасының бұған қарсы болғанын жазған.