Жаңалықтар

Алматыда «Бағанашыл» балалар үйінен қашып кеткен екі қыз іздестіріліп жатыр

«Бағанашыл» балалар үйінен екі қыз қашып кеттті / фото: архив kursiv.media

Алматыда үш аптадан бері «Бағанашыл» балалар үйінен қашып кеткен 14 және 16 жастағы екі қыз іздестіріліп жатыр. Қыздар балалар үйін Конаев қаласына көшіру жоспарланған күннің қарсаңында мекемеден өз еркімен кетіп қалған.

Lider.kz еріктілері әлеуметтік желілерде қыздардың суреттері мен іздеу хабарландыруларын таратты. Онда 16 жастағы Кристина Белгородская мен 14 жастағы Маргарита Черепанова 18 шілде күні таңғы сағат 7:30 шамасында Сыргабеков көшесі, 22-үйде орналасқан балалар үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткені хабарланған.

Қайдан іздеу керектігін білмейміз. Кез келген ақпарат біз үшін маңызды: автобуста кездесу, дүкендегі әңгіме, кез келген дерек бағыт көрсетуі мүмкін, — дейді еріктілер. Олар қыздар туралы мәліметтің тым аз екенін айтады.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша іздеу ісін қозғаған.

Сонымен қатар полиция бұған дейін де мекеме басшылығымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттілігі туралы ескертілгенін атап өтті.

Айта кетейік, 21 шілде күні Алматы қаласы Бағанашыл ықшамауданында орналасқан балалар үйі Қонаев қаласына көшірілуі керек еді. Алайда балаларды полициямен күшпен әкетпек болғаннан кейін, бұл жағдай үлкен резонансқа айналды.

Кейінен Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президент тапсырмасына сәйкес «Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Конаевқа көшірілмейтінін мәлімдеді. Осы жағдайға байланысты Президент әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізетінін де айтты.