Банк пен қаржы

KASE-дегі валюта саудасында доллар 540 теңгеден төмен түсті

2025 жылғы 4 тамыздағы валюта бағамы / фото: shutterstock
2025 жылғы 4 тамыздағы валюта бағамы / фото: shutterstock

4 тамыз, дүйсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасы барысында доллар 540 теңгеден төмен бағаға саудаланды. Сағат 15.30-дағы нәтиже бойынша, 1 АҚШ доллары 541,82 теңге тұрады.

Ұлттық валюта бір тәулікте бір тәулік 1,35 теңгеге нығайды. Ұлттық банк (ҰБ) өткен аптада 125,6 млн долларға инвервенция жүргізгелі бері, төл валюта шамамен 10 теңгеге күшейді.

Биржадағы күндізгі валюта саудасы кезінде 80 млрд теңге, яғни 149 млн долларға сауда жасалды. Соған қарағанда, әзірге ҰБ ақша саудасына араласып жатқан жоқ.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау мекемелерінде де доллар айтарлықтай қымбат емес. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында бір көк қағаз 540 теңгеден қабылданып, 542 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл қымбатырақ – 536 және 543.

Бұған дейін ҰБ алдағы уақытта Ұлттық қордан 400–500 млн доллар сатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.