Тайсон адамзат тарихындағы ең мықты боксшы есімін атады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Майк Тайсон / фото: rus-bel.online
Майк Тайсон / фото: rus-bel.online

Әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсон адамзат тарихындағы ең мықты боксшы кім деген сауалға өзінің есімін атады. Ол баскетболшы Шакил О’Нилдің Youtube-тегі подкастында қонақта болды.

The Big Podcast with Shaq подкастына қатысқан Тайсон өзінен басқа тағы кімдер атақты деген сауалға тағы төрт боксшының есімін атаған. Олар: Джек Демпси, Сонни Листон, Мұхаммед Әли және Джордж Форман. Бірақ ол өзін бәрінен жоғары қояды.

58 жастағы бұрынғы боксшы кәсіби спорттағы мансабын 2005 жылы аяқтады. Ол 56 жекпе-жек өткізіп, 44 рет нокаутпен жеңіске жетті. Алты мәрте жеңілді.

Тайсон аса ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы атанған. Ол Дүниежүзілік бокс кеңесі, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы және Халықаралық бокс федерациясы белдіктерін иеленген.

Бұған дейін Kursiv.Media бұрынғы боксшы, экс-депутат Серік Қонақбаев 48 млрд теңгені қалай жиғаны туралы материал жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз