Трамп Мәскеуге ультиматум мерзімі аяқталған соң не болатынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 тамызда Мәскеуге ультиматум мерзімі аяқталған соң не болатынын баяндады. Бұл туралы ол журналистерге мәлімдеді.
Құрама Штаттар президентінің пулындағы журналистердің бірі «Ресей атысты доғаруға келіспесе, жұма күні не болады» деп сұраған
«Санкция саламыз. Бірақ олар шектеуді айналып өту әдістерін әбден меңгеріп алған. Сондай қу адамдар. Сол себепті бұл әрекетімізден не шығатынын көреміз», – дейді Ақ үй қожайыны.
28 шілдеде Трамп Путиннен «көңілі қалғанын» мәлімдеген. Соған байланысты ультиматум мерзімін бұған дейінгі 50 күннен, бірден 10 күнге қысқартатынын айтқан.
8 шілдеге дейін бар болғаны төрт күн қалды. Осы уақыт аралығында Украинадағы соғысты аяқтала салуы екітайлай.
Ал оның алдында АҚШ президенті Ресейге ғана емес, оның басты сауда әріптстеріне де санкция енгізетінін мәлімдеген. Қазақстан көршілес осы елдің басты сауда серіктестерінің бірі екені мәлім. 1 тамызда АҚШ Қазақстан экспортына баж салығын 25%-ға көтергені мәлім. Бұл жолы Трамп қосымша 100% тариф енгізуі ғажап емес.
Бұның алдында, 31 шілдеде америкалық сенатор Линдси Грэм Ресейден мұнай-газ сатып алып, Украинаға көмектеспеген елдерге 500% баж салығын енгізуді ұсынған. Сенатор мұндай елдер деп Үндістан мен Қытайды атаған.
«Соған қарағанда, сіздер [Ресей] дұрыс түсінбей отырсыздар. Президент Трамп ойын ережесін өзгертті. Мұнай мен газ сатып алатын, әскери машинаңызды қолдап отырғандарға да баж салығын енгізгелі отыр. Бәлкім, сіздерге тез арада осы елдермен хабарласып, олардың не ойлайтынын білулеріңіз керек шығар», – деген санкциялар авторы Грэм.
Осы аптада Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге барады. Оның сапары өткен демалыс күндерге жоспарланған еді. Алайда, Трамптың мәлімдеуінше, Уиткофф Газа секторында ұзақ жүріп қалды.