Lifestyle

Chery iCar V27 жаңа гибрид кроссоверін көпшілікке таныстырды

Chery iCar V27 2026 жылы экспортқа шығарылады / Фото: carz.com.my

Chery концерні iCar желісіндегі жаңа үлгісін, V27 жол талғамайтын көлігін таныстырды. Алайда таныстырылым экспортқа бағытталғандықтан Қытайда емес, Дубайда өтті. Кроссовер гибридті қондырғымен жабдықталады және сатылымға 2025 жылдың төртінші тоқсанында шығады деп жоспарланып отыр. Қазақстанға қашан келетіні әзірге белгісіз.

iCar V27-нің бұрышты дизайны Toyota Land Cruiser Prado мен Land Rover Defender сынды классикалық жол талғамайтын көліктерді еске салады. Мұндай ұқсастық әдейі жасалған болуы мүмкін.Себебі мамыр айында алғашқы тұспалды суреттері жарияланған кезде iCar басшысы Су Джун бұл кроссоверді «қытайлық G-класс» деп атап кеткен еді.

Фото: carz.com.my

Автокөлік ірі бамперлерімен, қара жапсырмалары бар бұрышты доңғалақ доғалары және кең артқы тіректерімен ерекшеленеді. Ерекше стилистикалық шешімдер қатарында төбедегі темірлері, олармен үйлесетін капоттағы өрнектері, сондай-ақ негізгі жарық блоктарынан бөлек орналасқан бұрылу сигналдары бар. Жоғары клиренс оның жолсыз жерлермен де оп-оңай жүруіне мүмкіндік береді.

Фото: carz.com.my

V27-нің техникалық сипаттамалары әзірге ресми жарияланбады. Дегенмен компания бұл кроссовердің бірізді гибрид болатынын растады. Жаңа модельдің ұзындығы шамамен 5 метр, ал дөңгелек базасы — 3 метр болады деп күтілуде. Көлік 1,5 литрлік іштен жану қозғалтқышы мен 450 ат күшіне дейін қуат беретін электр қозғалтқыштарынан тұратын гибридті жүйемен жабдықталады. Электр режимінде жүретін шамамен 200 шақырым қашықтық болжануда.

Қытай нарығында iCar V27 2025 жылдың соңына қарай сатыла бастайды, ал 2026 жылы экспортқа шығарылады. Бұл гибридтің Ресейге жеткізілетіні де расталған. Chery концерні шетел нарықтарында Apple компаниясымен атауға байланысты дау-жанжал туындамас үшін бренд атауын сәл өзгертіп, iCAUR деп атауды ұйғарған. Бұл жаңа марка Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа өңірлерінде ұсынылады.

Еске сала кетейік Chery Tiggo 7 және Tiggo 9 Қазақстанда құрастырылады.