Министрлер халық алдында есеп береді: Үкімет басшысы кездесу кестесін бекітіп берді

Министрлер де әкімдер секілді халық алдында есеп береді. Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу кестесін бекітті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі:
III тоқсанда (шілде–тамыз) – Қонаев, Өскемен, Тараз, Семей және Жетісу облысындағы Көксу ауданында кездесу өткізеді;
IV тоқсанда (қазан–желтоқсан) – Жезқазған, Ақтөбе, Алматы, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданының халқымен кездеседі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі:
III тоқсан – Қаскелең мен Алматы;
IV тоқсан – Астана, Көкшетау және Павлодар.
Ғылым және жоғары білім министрлігі:
III тоқсан – Қаскелең мен Алматы;
IV тоқсан – Астана, Көкшетау және Павлодар.
Денсаулық сақтау министрлігі:
III тоқсан – Ақтөбе мен Талғар;
IV тоқсан – Рудный, Семей және Кентау.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
III тоқсан – Ақтөбе мен Павлодар;
IV тоқсан – Қонаев, Ақтау және Қызылорда
Көлік министрлігі:
III тоқсан – Өскемен мен Ақтау;
IV тоқсан – Қонаев, Атырау және Тараз.
Қаржы министрлігі:
III тоқсан – Семей, Қарағанды және Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы;
IV тоқсан – Шымкент пен Сарыағаш.
Мәдениет және ақпарат министрлігі:
III тоқсан – Шымкент пен Атырау;
IV тоқсан – Жезқазған, Семей және Ақтөбе.
Оқу-ағарту министрлігі:
III тоқсан – Петропавл, Павлодар және Қарағанды;
IV тоқсан – Жезқазған, Көкшетау және Семей.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:
III тоқсан – Жезқазған мен Алматы;
IV тоқсан – Орал, Талдықорған және Көкшетау.
Сауда және интеграция министрлігі:
III тоқсан – Қарағанды, Өскемен және Талдықорған;
IV тоқсан – Орал мен Шымкент.
Су ресурстары және ирригация министрлігі:
III тоқсан – Алматы облысындағы Өтеген ауылы және Жамбыл облысындағы Сарыкемер ауылы;
IV тоқсан – Қызылорда, Шардара және Жетісу облысындағы Сарқан.
Туризм және спорт министрлігі:
III тоқсан – Қостанай, Павлодар облысындағы Баянауыл ауылы және Солтүстік Қазақстан облысындағы Лобаново ауылы;
IV тоқсан – Ақтау, Тараз және Шымкент.
Ұлттық экономика министрлігі:
III тоқсан – Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе;
IV тоқсан – Қостанай, Павлодар және Семей.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
III тоқсан – Орал, Жезқазған және Алматы облысындағы Ақкөл ауданы;
IV тоқсан – Қостанай мен Ақтау.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі:
III тоқсан – Петропавл, Қонаев және Ақтөбе;
IV тоқсан – Өскемен мен Ақтау.
Энергетика министрлігі:
III тоқсан – Теміртау, Қостанай және Семей;
IV тоқсан – Шымкент, Тараз және Петропавл.
Бұйрықтың орындалуын қадағалау Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелді.
Айта кетейік 2026 жылдан қала мен аудандар әкімдері халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері үшін де тікелей жауапты болмақ.
Сондай-ақ шенеуніктердің көлеңкелі экономикаға қарсы күреске байланысты жұмысы KPI арқылы бағаланады.