Жаңалықтар

Амантай қажыға қылмыстық іс қозғалды

Амантай қажыға іс қозғалды/коллаж kursiv.media

Алматы полициясы 83 жастағы Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KursivMedia.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Амантай қажы Асылбековтің әйелді баспалдақтан итеріп жіберген видеосы тарады.

Сол жағдай бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 107-бабы (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр.

Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салады не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.