Балқашта ер адам 8 жастағы баланы ұрып-соққан

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
В Балхаше сотрудник «Казахмыса» избил 8-летнего мальчика
Балқаш тұрғыны полицияға арызданды/фото: shutterstock

Балқаш тұрғыны Мәдина Досымбекова ұлын «Қазақмыс корпорациясы» қызметкері аяусыз ұрып-соққанын мәлімдеді.

«8 жастағы ұлымды аяусыз ұрып-соқты. Бұл жай ғана ұрып-соғу емес, азаптау: саусақтарын сындырып, басынан ұрған, денесін күйдірген. Мұның бәрін ересек ер адам – Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» АҚ қызметкері Алмас Басымбеков істеді», – деп жазды әйел әлеуметтік желіде.

Әйел оқиғаның қалай болғанын жазбаған, алайда баланың денесіндегі жарақаттың фотосын жариялаған.

Баланың денесіндегі жарақат/фото: madyssun.1

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС хабарлауынша, Досымбекова басшылығына жүгінген, компанияның болған жайттан хабары бар.

«Қолда бар мәліметке сәйкес, жәбірленуші тарап құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Өз тарапымыздан тергеуге жан-жақты көмек көрсетеміз. Қызметкерге қатысты барлық шешім ресми тергеу мен оның әрекеттеріне құқықтық баға берілген соң қабылданады», – делінген компания жауабында.

Сондай-ақ компания адам құқығы, заң талабы және ішкі еңбек тәртібін қатаң сақтау қағидаларын ұстанатынын айтты.

«Қызметкердің кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады», – деді «Қазақмыс» өкілдері.

Полиция мәліметінше, Балқашта кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

«Қылмыстық іс аясында болған оқиғаның толық анықтауға үшін тергеу және процессуалдық іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Тараптардың уәждері тексеріледі. Кінәлілер заң аясында толық жауапкершілікке тартылады», – деді Қарағанды облысы полиция департаменті.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды.

Сондай-ақ оқыңыз