2026 жылдан 1 теңге қарыз үшін есепшот бұғаттала ма

2026 жылдан бастан 1-2 теңге әлеуметтік қарыз бен бес тиын өсіппұл үшін есепшот бұғатталмайды. Келер жылдан күшіне енетін Салық кодексінде осындай өзгеріс енгізілген. Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Берешекпен жұмыс басқарма басшысы Қайсар Арынның айтуынша, бұрын Әлеуметтік кодекс бойынша 1 теңге қарызы болса да, есепшоты жабыла беретін.
2026 жылдан төлегенбеген әлеуметтік қарыз 6 АЕК, яғни 23 592 теңгеден асса ғана есепшот бұғатталады. Әлеуметтік қарыз деген – міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру үшін төленбеген ақша. Бұл өзгеріс Әлеуметтік кодекске енгізілген.
Ал жаңа Салық кодексіне сәйкес, салық берешегі 20 АЕК-тен (78 640 теңге) аспаса, өсімпұлмен бірге ескерту жіберіледі. Ал 20 АЕК-тен асса, өсімпұлмен бірге хабарлама жіберіліп, артынша есепшоты мен кассалық операциялары бұғатталады.
Егер салық қарызы 45 АЕК-тен асса, жоғарыдағы шаларамен қатар, мүлкін тәркілеу, дебиторлық қарызын өндіру, тәркіленген мүлікті аукцион арқылы сатып, кәсіпкер банкрот деп танылуы мүмкін.
Салық қарызы 27 мың АЕК, қазіргі есеппен 106 млн теңгеден асса, кәсіпкер мен компания иесі шетелге шыға алмайды. Салық органдары сотқа арыз тастап, бүкіл есепшоты бұғатталады.
Бұған дейін сарапшы кәсіпкерлер салық берешегін өз дебиторы есебінен қалай өтей алатынын түсіндірген.