Кәсіпкерлерді қытай компанияларымен тікелей байланыстыратын маркетплейс ашылады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
JD.com мен  Alibaba
Фото: shuttertock, бильд редактор Ахтам Зипероы

Қазақстанда шағын және орта бизнестің (ШОБ) тауарды шетелден көтерме бағамен сатып алуын жеңілдететін жаңа онлайн-платформа іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа платформа шетелдік ірі жеткізушілермен, соның ішінде JD.com мен Alibaba Group компанияларымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бермек. Сол үшін цифрлық шешімдер енгізіледі.

Жобаны толық іске асыру үшін Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. Сонымен қатар, шетелден әкелінетін тауарларды сертификаттауға байланысты техникалық кедергілерді жою жоспарланған.

«Платформаны толық іске асыру үшін сертификаттау рәсімдеріндегі техникалық кедергілерді жою мәселесі пысықталуда және Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы 1996 (бір мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы) жылғы Келісімге өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып жатыр», – деді министр.

Сонымен қатар министрлік инновациялық агромаркетплейс әзірлеп жатыр. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатады, Сонымен қатар, делдалдарды және ашық емес өткізу схемаларын жояды.

Шетелдік маркетплейстер 2023 жылы – 23,4 млрд теңге, ал былтыр 35 млрд теңге салық төлеген.

Сондай-ақ оқыңыз