Starlink-ке бәсекелес пе: қытайлық Shanghai SpaceSail спутнигі сынақтан өткізілді

Алматы облысында Қытайдың Shanghai SpaceSail компаниясы ұсынған спутниктік интернет жүйесі сынақтан өткізілді. Жүйе арнайы келген қытайлық мамандардың көмегімен іске қосылып, тестілеу кезінде интернет жылдамдығы 200 Мбит/с-қа жетті.
Жоба төмен орбиталық спутниктерге негізделген. Бұл технология шалғайда орналасқан елді мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет жеткізуге мүмкіндік береді. Әсіресе, талшықты-оптикалық желі тарту қиын немесе шығынды аймақтар үшін тиімді шешім ретінде қарастырылып отыр.
Shanghai SpaceSail жобасы ауыл мектептері медициналық мекемелер, мобильді қызметтер және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын сапалы интернетпен қамтуды көздейді.
2025 жылдың қаңтарында Халықаралық қаржы орталығында SpaceSail Kazakhstan Limited компаниясы тіркелген болатын. Бұл – Shanghai SpaceSail-дің Қазақстандағы еншілес ұйымы. Компания Илон Масктың Starlink жүйесіне балама ретінде қарастырылуда,
Айта кетейік, 2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда Starlink спутниктік терминалдарының ресми түрле күзде сатылуы тиіс. Оның құны 500 доллардан басталуы мүмкін.