
Netflix платформасында танымал «Уэнсдей» сериалының екінші маусымы 2025 жылғы 6 тамызда көрерменге жол тартады.
Бұл маусымда көрермендерге 8 эпизод ұсынылады, ал сюжет ортасында Уэнсдей Аддамстың анасы Мортишамен қарым-қатынасы кеңінен ашылады. Жаңа маусымда қорқынышты (хоррор) элементтер де көбеймек.
Сериалдың бірінші маусымы көрермендер арасында жоғары сұранысқа ие болып, әлеуметтік желілерде нағыз феноменге айналған еді. Екінші маусым сол табысты жалғастырып, Уэнсдейдің «Невермор» академиясындағы өмірі мен отбасылық драма аясындағы оқиғалармен өрбиді.
Сериал екі бөліп жарияланады:
- 6 тамызда алғашқы 4 эпизод жарық көреді;
- 3 қыркүйекте қалған 4 эпизод шығарылады.
Еске салсақ, «Уэнсдей» — Аддамс жанұясының қызы Уэнсдейдің ерекше әрі тылсым оқиғаларға толы өмірін баяндайтын мистикалық драма. Сериалдың басты рөлін Дженна Ортега сомдайды.